» » Қабылдау ережесі

Қабылдау ережесі

📢Құрметті ата-аналар, талапкерлер!📌Колледждерге құжат қабылдау 2022 жылғы 25 маусымнан басталып, 25 тамызға дейін жалғасады. Арнайы және шығармашылық емтихандар 21-28 шілде аралығында өткізіледі.Талапкер 4 оқу орны мен 4 мамандықты таңдай алады.
📌Ата-аналар және талапкерлер ескеретін басты мәселе - мемлекеттік тапсырыспен (грант) оқуға түсу үшін аттестаттың (міндетті және бейіндік пәндердің) орташа балы және квота санаты:🔰(1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан балалар; 🔰2) басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің балалары;🔰3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан балалар;🔰4) ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ балалар;🔰5) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;🔰6) ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастар арасынан  шыққан Қазақстан Республикасының балалары;🔰7) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар;🔰9) бала кезінен мүгедек балаларды, I, II топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар) негізге алынады.📌Яғни, осы екі критерий негізінде автоматтандырылған жүйе (smartnation) грант иегерін анықтайды.📌Облыстық білім басқармасы ашықтық, жариялылық принциптерін қамтамасыз ету мақсатында колледждерге құжат қабылдау барысында қандай да бір сауал туындаған жағдайда, мына төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.📞Байланыс нөмірлері: 8(7242)60-54-59; 60-54-54; 8(707)763 88 60.
20 сәуір 2018 ж. 2 323