» » Колледж тарихы

Колледж тарихы

Скачать файл: tarihy.pdf [219.46 Kb] (cкачиваний: 19)
Посмотреть онлайн файл: tarihy.pdf
    «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» (ары қарай ҚКТЖК) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны – теміржол салаларына және коммуникацияларына, мұнай-газ, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс мамандарын дайындауда облыс деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орны.


     ҚКТЖК 1929 жылы 1 қазанда Қазалы паровоз депосының жанында ФЗУ болып ашылды. Елде индустрияландыру қарқын алып жатқан шақта оқу орны теміржол саласының ұсталарын, вагон жөндеушілер мен қараушыларды, вагон ағаш ұсталарын дайындап, өндіріске жіберді.
1940 жылдың 2 қазанында Үкімет қаулысымен ФЗУ мектебі  «Еңбек резервтері» болып қайта құрылып, Қазалы депо жанындағы ФЗУ № 3 (ЖУ)теміржол училищесі болып қайта аталып, Орынбор-Ташкент теміржолына аса қажетті мамандық иелерін дайындады.
     1964 жылдан бастап училище (ГПТУ-70) қалалық  кәсіптік техникалық училище болып қайта құрылды. Осы кезде училищеде Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Башқұртстаннан жастар келіп, оқып мамандық алды.
         Кәсіптік мектеп 1988-96 жылдары Батыс Қазақстан теміржолының қарауына енгізіліп, әр жылдарда атауы былай өзгеріп отырды:
  • 1964-77 жылдары ГПТУ-70 ( қалалық кәсіптік училище) ;
  • 1977-1988 жылдарға дейін СПТУ-5 ( орта кәсіптік техникалық училище), 
  • 1988-1996 жылдары СПТУ-2 ( орта кәсіптіктехникалық училище ) ;
  • 1996- жылдары №5 КТМ ( кәсіптік-техникалық мектеп);
  • 2002-2008  жылдары №5 кәсіптік мектеп;
  • 2008 жылдан бастап №5 кәсіптік лицей;
  • Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 07 тамыздағы «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» №527 қаулысына,облыстық білім басқармасының 2013 жылы 29-ыншы қаңтардағы №13-к бұйрығына сәйкес №5 кәсіптік лицей «Қазалы көлік-техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.  
Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы 06-ыншы сәуірдегі №756 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы білім басқармасының «Қазалы көлік-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды. 1985 жылы жұмысшы мамандарын даярлауда қол жеткен табыстары үшін училище Бүкілодақтық жастар сыйлығына ұсынылып, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. 2009 жылы І дәрежелі «Үздік кәсіптік лицей -2009 », «Үздік ұжым» атағымен марапатталды. №5 кәсіптік лицейдің педагогикалық ұжымы Облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздігі- 2012»  байқауының бас жүлдегері, ІІІ республикалық «Білім ұясы» конкурсында «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатын иеленсе, республикалық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары» конкурсында «Білікті мамандар даярлау ісіне қосқан зор үлесі» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының Құрмет грамотасымен марапатталды. Колледж 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі арасындағы «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасының кіші грант иегері атанды. Жоба негізінде «1108000–Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту» мамандығын дамыту үшін бөлінген қаржыға заманауи оқу құралдарымен жабдықталған «Жолаушылар вагонының механикалық құрылғылары», «Қозғалыс қауіпсіздігі» арнайы пән кабинеттері, мультимедиялық кабинет және мамандыққа сәйкес ана тіліндегі оқулықтар алынды. Облыстық «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны-2014» атағын иеленген оқу орны 2015 жылы Ұлттық бизнес рейтинг нәтижесі бойынша алтын рейтинг қатарына шығып «Көшбасшы кәсіпорын-2015» қабырғалық медалімен марапатталды және арнайы ұлттық Сертификат иеленді. Колледждің оқу материалдық базасында 410 орындық оқу корпусы, оқу-өндірістік шеберхана мен зертханалар, 100 орындық асхана және жатақхана, жазғы спорт алаңы, оқу-жаттығу залы, фитнес клуб және жылыжай бар. Жас жұмысшыларды өз мамандығына тәрбиелеуде слесарлық, ағаш ұстасы, газэлектрмен дәнекерлеу және токарлық шеберханалар, физикалық және химиялық лабораториялық кабинеттер, компьютерлік орталық,мамандықты оқытуға арналған 36 оқу кабинеті, оның ішінде: 24 арнаулы пән (заманауи құрылғылармен жабдықталған 6 арнайы пән) кабинеттері, 12 жалпы білім беретін пән кабинеттері, 6 шеберхана, 4 зертхана және 3 полигон, 150 орынды мәдени орталық, 100 орындық ғылыми-әдістемелік орталық, 19287кітап қоры бар 10 орынды электронды кітапхана жұмыс жасайды. Теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында 31 әлеуметтік серіктестіктермен келісім-шарт жасалды. Инженер-педагогтар өз біліктіліктерін Корея, Франция, Германия, Чехия елдерінде және Мәскеу,Минск қалаларында арттырды. Астана қаласындағы «Транспорттағы технологиялар орталығында» ТЭ33А сериялы тепловозы машинист кабинасының жұмыс істеу принциптерімен танысты. Теміржол саласын білікті мамандармен қамтамасыз етуде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ы арасында дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, әлеуметтік әріптес «Қамқор вагон» ЖШС» Қазалы вагон жөндеу депосының басшысы Т.Ә.Әліпбаев ҚР Білім және ғылым министрінің  «Әріптестік көшбасшы-2013» дипломымен марапатталды. Оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және кәсіптік білім беру саласына дуальды оқыту жүйесін енгізілу жайымен танысу мақсатында премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Б.М.Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиев, облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев, облыстық білім басқармасының басшысы Б.Ә.Сайлыбаев іс-сапарда болып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп қайтты. Бүгінгі күні, аймағымызда кәсіптік білім беру саласына оның ішінде жұмысшы мамандар даярлауға деген көзқарасы өзгеріп, жаңаша талаптар қойылып отыр.
     Қазіргі таңда бұл оқу орны  еңбек нарығына аса қажетті  халыққа қызмет ететін  12 мамандық – 23 біліктілік бойынша жан-жақты, білімді, білікті кәсіпқой жұмысшы мамандарды оқытып, дайындауда. Нарықтық қоғамның зор сұранысына ие кәсіби құзіретті, бәсекеге қабілетті білікті  маман даярлауда колледжде 124 инженер-педагог еңбек етеді. Инженер-педагогтарының 40%-ы жоғары және бірінші санатты құрайды.
19 сәуір 2018 ж. 1 722