» » «Бүгінгі-қыз, ертеңгі-келін, болашақ-ана»

«Бүгінгі-қыз, ертеңгі-келін, болашақ-ана»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 6 наурыз күні «Бүгінгі-қыз, ертеңгі-келін, болашақ-ана» атты жұптық сайыс өткізілді. Сайыстың ұйымдастырылуына колледж кәсіподағы белсенді түрде атсалысты. Колледждің инженер-педагогтары арасынан келіндік міндетін жақсы атқарып жүрген қыз-келіншектер қатысты. Сайысқа әділ бағаларын беретін әділ-қазы алқалары тағайындалып, әділетті бағаларын берді. Колледж қабырғасында талантты да, өнерлі инженер-педагогтары бар екендігін анық көрсетті. Сайысқа әр бөлімнен 7 инженер-педагог қатысты. Атап айтсақ, бас жүлде иегері-өндірістік оқу шебері- - Тажимұратова Бақыткүл
  1. I орын иегері өндірістік оқу шебері- Аққоянова Гүлжазира,
  2. II орын иегері- физика пәнінің мұғалім Төрехан Айгерім
  3. III орын иегері- орыс тілі пәні мен әдебиетінің оқытушысы Ермаханова Эльмира


03 наурыз 2018 ж. 860