» » ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК!

ТҰҒЫРЫ БИІК-ТӘУЕЛСІЗДІК!

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген "Тұғыры биік - Тәуелсіздік!" атты іс-шарасы колледждің мәдени орталығында 14 -ші желтоқсан күні болып өтті. Салтанатты жиынның шымылдығын колледждің биші қыздары қазақ биімен ашып беріп, мерекелік шараны тарих пәнінің оқытушысы Досекеева Гүлжанатпен Жастар ұйымының жетекшісі Құсан Еркін жүргізіп отырды. ҚР Мемлекеттік туы енгізіліп, жиын барысында жоғары санатты арнайы пән оқытушысы Ахметова Анар Барлыққызы баяндама жасап, колледждің жеткен жетістіктеріне тоқтала өтті. Мерекелік шарада колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы инжинер-педагогтармен білім алушы студенттердің мерекесімен құттықтау сөз сөйлеп шынайы жылы лебізін білдірді. Колледж қызметкерлерімен студенттерді облыстық білім басқармасының құрмет громатосымен және арнайы дипломдармен марапаттады. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламамен ұласып, колледж өнерпаздары ұстаздарға керемет көңіл күй тарту етті.










14 желтоқсан 2019 ж. 96