» » «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап»

«Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап»

2020 жылдың 10-шы наурызынан 17-ші наурыз аралығында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «IT - технология» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап» атты аясында апталық өткізілді.
Апталықтың негізгі мақсаты:
  • Білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету;
  • Студенттің шығармашылық өсуіне, қабілеттерін ашуға жағдай туғызу, қолдау жасау;
  • Білімді үйренуде ақпараттық технологияны кеңінен қолдану;
  • Студенттердің шығармашалық қабілеттері дамып, білімділік негіздері жетіле түседі, мұғалімдер тәжірибе алмасу ортасын құру;
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде студенттердің арнайы пәндерден алған біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі компьютерлік білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Студенттердің бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу - сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- арнайы пәннің апталығы болып саналады. «Білім жүгін арқалап, биікке самға жас талап!» деп Елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы да осы бағытқа бағытталған. Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы арнайы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.

17 наурыз 2021 ж. 45