» » Шет тілі пәнінің оқытушысы Ерсайын Асыл Болатқызының ашық сабағы

Шет тілі пәнінің оқытушысы Ерсайын Асыл Болатқызының ашық сабағы

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің педагог-сарапшы, шет тілі пәнінің оқытушысы Ерсайын Асыл Болатқызы 2021 жылдың 18 наурыз күні І курс топ студенттері арасында «Robotics» тақырыбында онлайн  және оффлайн режімінде  NEARPOD платформасын пайдаланып ZOOM арқылы ашық сабақ өткізді.Ашық сабақ оффлайн режімінде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің, ал онлайн режімінде М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Қызылорда  медициналық жоғары колледжінің студенттерінің  қатысуымен ұйымдастырылады. Онлайн  және оффлайн режіміндегі сабаққа барлығы 25 студент қатысты. 
Nearpod платформасын пайдаланып сабақ өткізудің ерекшелігі бір мезгілде, яғни сабақ кестесіне сәйкес бір уақыт аралығында  онлайн және оффлайн режиміндегі студенттерге жаңа сабақты баяндау, студенттермен кері байланыс орнату, сонымен қатар берілетін тапсырма мен жаңа сабақ материалдарын студенттерге оқытушыныңбасқаруымен жүргізілуінде.
Сабақта, бейнероликті көре отырып сұрақтарға жауап беру, бір нұсқасын таңдау, биікке өрлеу ойыны, ашық алаң, яғни берілген сұраққа студенттер өз ойын толық жазу және таңдау арқылы тапсырмаларды орындады. Әр тапсырманың орындалу нәтижесі рейтниг жүйесінде экранда жариялы түрде беріліп, студенттер белсенділігін арттырды.
Қазіргі заман талабына сай студенттерге  қашықтан білім беруге, білім деңгейін бағалауға және сабақ үдеріс басқаруға мүмкіндік беретін Nearpod платформасы нарықтағы үздік бағалау бағдарламаларының бірі.



18 наурыз 2021 ж. 70