» » Студент қыздармен кездесу

Студент қыздармен кездесу

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Қазалы аудандық Жастар Денсаулығы құрылымдық бөлімше қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Бөлімше маманы Г.Қонысбаева «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, бейнебаян көрсетсе, психолог Ә.Ахатай қыздармен көңіл-күйге байланысты тренинг өткізді, психологиялық кеңестермен бөлісті.
Колледж мейіркеші А.Айман мен бөлімше мамандарына әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
03 сәуір 2021 ж. 9