» » 1 қыркүйек «Білім күні»

1 қыркүйек «Білім күні»

   Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған  іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіз ел тірегі-білікті маман» айдарымен салтанатты жиын болып өтті. Колледж басшысы Б.Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, білім саласындағы жетістіктері үшін колледж қызметкерлері Ж.Құтман мен С.Сугурованы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Алғыс хатымен, Г.Күзембаева мен Қ.Бикболаевты Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы А.Қасымованың Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапаттады. 
   Барлық топтарда алғашқы білім сабағы өткізіліп, колледж кітапханашысы С.Сугурованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім, айбыным!» атты таным сағаты ұйымдастырылды. 

   




01 қыркүйек 2021 ж. 21