» » «Эрудит» интеллектуалды ойыны

«Эрудит» интеллектуалды ойыны

«5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне орай   Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінде  тілдер бірлестігінің  «Тіл- татулық тірегі» апталық жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Алибекованың ұйымдастыруымен  мәдениетті сөйлеу, ана  тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға  шақыру, үш тілдік саясатты дамыту мақсатында  I курс  студенттері, яғни, өзге ұлт өкілдері арасында «Эрудит» интеллектуалды ойыны  ұйымдастырылды. Ойынға  «Білімгерлер» мен «Сауаттылар»  топтары қатысты. Ойын барысында студенттер 2 тілде өзін-өзі «Таныстыру», «Білгенге маржан» мақалдар жарысы, «Кім жүйрік» жаңылтпаш жарысы, сұрақ-жауап, «Ойлан тап»- бейнекөрініс, аудиожазба тыңдап сұраққа жауап беру турлары қамтылды. Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен «Сауаттылар» тобы жеңімпаз атанды.





06 қыркүйек 2021 ж. 31