» » "ЖАСӨСПІРІМ" ЖЕДЕЛ- ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС- ШАРАСЫ

"ЖАСӨСПІРІМ" ЖЕДЕЛ- ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС- ШАРАСЫ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда облысының полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасының хатына сәйкес «Жасөспірім» жедел- профилактикалық іс- шарасы аясында карантиндік талаптарды сақтай отырып, студенттермен колледжішілік жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты- жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
Іс-шараға Қазалы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Бегалиева Махаббат Төлепбергенқызы қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдына алуға, студенттердің қоғамдық ортада өзін ұстауына бағытталған тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



07 қыркүйек 2021 ж. 26