» » Колледжімізде қонақта

Колледжімізде қонақта

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде болып, жастармен кездесті. Кездесудің барысында Н.Сейітқалиұлы білім ордасының материалдық-техникалық базасымен танысып, «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи техникаларға өзінің оң бағасын берді.
Кездесуде Н.Сейітқалиұлы «Сапалы білім, саналы тәрбие беру- әрбір оқытушының алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу-әр студенттің міндеті» деп, білім жастар-еліміздің болашағы екендігін айтты.
Өз кезегінде колледж студенттері жас ұрпаққа сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасаған барша азаматтарға алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.


15 қазан 2021 ж. 37