» » ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС.

ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында футзал ойынынан  екі күнге созылған дәстүрлі облыстық жарыс мәресіне жетті. Шараға 13 колледжден 150-ден астам оқытушы қатысып, жеңіске деген қызықты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс жеңімпаздары Қызылорда облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитетінің дипломдары мен кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған сыйлықтармен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша таудың тасындай, біздің сайыпқыран жігіттеріміз, колледжіміздің мақтаныштары облыстық деңгейде жүлделі І орынды жеңіп алды. 
Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!




11 желтоқсан 2021 ж. 20