» » ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ.

ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ.

Колледж кітапханасында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі және “Қазалы-Жомарт” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж студенттері арасында “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Ұлттық турнирге колледжерден 4 фракция қатысты. Ашық алаңда колледж студенттерінің ұшқыр ой-пікірі ортаға салынды.
Тартысты пікірсайыс турнирі нәтижесінде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің “Алаш”фракциясы І орын, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің “Интеллегенттер” фракциясы ІІ орын, “Теміржолшылар” фракциясы ІІІ орын иеленіп, дипломдармен және “Бриллианттар” фракциясы алғыс хатпен марапатталды.





11 желтоқсан 2021 ж. 16