» » БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РОЛІ.

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РОЛІ.

Баланың бас ұстазы да, тәрбиешісі де-ата-ана. Бала мейірімділікті, кішіпейілділік, бауырмалдылықты өз ұясы-отбасында алады. 
Қазақстан РеспубликасыКонституциясының 27 бабында:«Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі   міндеті»  деп атап көрсетілгеніндей, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ата-ананың міндеті жоғары. 
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіндеколледжішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» атты жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.   Жиналыста колледж директоры Б.Ахметов 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарға есеп беріп, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазалы АПБ,  ЖПҚб, ЮПт-ның  аға инспекторы, полиция  майоры М.Бегалиева кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысымен орын алған қылмыстар және олардың алдын алу туралы айтса, ата-аналар кеңесінің төрағасы Б.Айтбаева «бала тәрбиесі-басқа мамандықтардың санатына қосылатын негізгі, үлкен мамандық» екенін айтты.




16 маусым 2022 ж. 84