» » ДЕМОЕМТИХАН-ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ

ДЕМОЕМТИХАН-ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Қазалы көлік-техникалық жоғары  колледжінің педагогикалық кеңесінің  2022 жылдың  20 маусымындағы  №   шешіміне  сәйкес
2021-2022 оқу жылында  оқуды бітіруші  топтар арасында біліктілік емтихан нысандарының жаңа форматындағы демонстрациялық емтихан өткізілуін колледж директоры Болатбек Әбиұлы 07150400«Дәнекерлеу ісі» мамандығы , «Электрогазымен дәнекерлеуші» құзыреттілігі бойынша -7 студент іріктеліп заңдылығына сәйкес өтуін атап өкен болатын.
Демонстрациялық емтиханға жоспар құру, даярлау, өткізу  және сарапшы – ұйымдастырушы болып директордың оқу-өндірістік  жұмыстары  жөніндегі орынбасары  Ахметова Анарға жауапкершілікпен тапсырды. Демоемтиханға дайындық жабдықтың техникалық күйіне және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника ережелері мен нормаларының сақталуына жауаптылықтан басталып, аталған  құзыреттілік бойынша техникалық сарапшы әлеуметтік серіктестіктен Дүйіс Сәбит,
 «Электрогазымен дәнекерлеуші»құзыреттілігі бойынша  өндірістік оқыту шебері  Сапар Айқожа ,бағалау құжаттамасының жиынтығын  әзірлеуге және алаңның жабдықталуына жауапты болып  арнайы пән оқытушысы Ранай Орымбаеваға тапсырылған болатын.Нәтижесінде 91 топ студенттерінен сараланып шыққан жеті студент жақсы бағаларын алып IV разрядтағы біліктіліктерін қорғап шықты.
27 маусым 2022 ж. 45