» » 17 ҚАРАША-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ.

17 ҚАРАША-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ.

Бүгін-Халықаралық студенттер күні. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытыны хақ. Қызығы мен шыжығы мол солжылдар, сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері-студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген атаулы датамен барша  студенттер қауымын  құттықтаймыз!Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде студенттер күніне орай "Студенттік өмір-игі істердің бастауы" атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шарада колледж директоры Б.Ахметов білім алушыларды мерекелерімен құттықтап, І курс білім алушыларына студенттік билет пен сынақ кітапшаларын табыстап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген студенттерді марапаттады. Студенттер парламенті ұйымдастырған кеште ән айтылып, би биленіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік кеш өз мәресіне жетті.


17 қараша 2022 ж. 18