» » СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасындасуицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында СОБ-22/9  3W07140702-«Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына  қызмет көрсету» тобының І курс студенттеріне суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында денсаулық саласы мамандарының қатысуымен бірлескен «денсаулық  сағаты» болып өтті. 
Шара барысында Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» емханасының ВОП дәрігері Е.Сауытбаева «Суицид-қатерлі дерт» тақырыбында баяндама оқыса, Қазалы аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева, Қазалы ауданаралық ауруханасы "Болат жолы" емханасының психологы Г.Жанайбекова,  жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кеңестерімен бөлісті. Колледж мейіркеші А.Айман мен бөлімше мамандарына студенттер көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.



18 қараша 2022 ж. 14