» » "ҰЛТ ТАРИХЫ: ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР"

"ҰЛТ ТАРИХЫ: ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  қоғамдық пәндер бірлестігі апталығы аясында «Ұлт тарихы: Ұлы тұлғалар»   атты тарихи-танымдық кеш болып өтті. Кеш барысында қазақтың  соңғы ханы Кенесары Қасымұлы мен ұлт ұстазы, педагог Ахмет Байтұрсынұлының және ұлт мақтанышы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы студенттерге мәлімет беріліп өтті.
Кештің мақсаты-студенттерге ұлт тарихын оқи отырып, ондағы ұлы тұлғалар бейнесін оқып үйрену арқылы ізгілендірілген қоғамдық өмірге ілесе алатын, бәсекеге қабілетті ойшыл, шығармашыл жаңа ұрпақты қалыптастыру, ұлы тұлғаларымыздың тарихтағы алар орнын ұғындырып, білімге құштарлығын арттыру, зеректік қабілетін дамыта отырып, танымын кеңейту арқылы білімге құштарлығын шыңдау.



21 желтоқсан 2022 ж. 59