» » » Қазақстан Республикасының футзал лигасы

Қазақстан Республикасының футзал лигасы

Колледжіміздің қыздар футбол командасы облыстық іріктеу негізінде Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасының футзал лигасына жолдама алған болатын. Бапкерлері дене шынықтыру пәнінің оқытушылары А.Мендалиева және С.Ерғалиев. Турнирге қатысқан 16 команда арасынан қыздар ерекше өнер көрсетіп арнайы дипломмен марапатталды. Команда құрамасы: Қожахмет Сандуғаш команда капитаны, №78 тобының студенті. Сабырбай Әсел-қақпашы, №89 тобының студенті. Амантай Арайлым-шабуылшы, №85 тобының студенті. Кенжебек Динара - жартылай шабуылшы, №78 тобының студенті. Тиыштықбай Ләззат қорғаушы, №89 тобының студенті. Жеткерген Азаткүл қорғаушы, №75 тобының студенті. Қыздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.