» » » Қаразым Тұрмағамбет Алматұлы

Қаразым Тұрмағамбет Алматұлы

2017 жылдың 28 ақпан айында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Астана «ЭКСПО-2017» жылына арналған Өңірлік іс-шаралар аясындағы «Келешек инновациясы, Баламалы көздер» атты жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясына   №52 «Теміржол станциясының кезекшісі» тобының ІІІ курс студенті Қаразым Тұрмағамбет Алматұлы қатысты. Арнайы пән оқытушысы А.Ахметова, техникалық шығармашылық жетекшісі Р.Таливтың басшылығымен «Темір жол саласында күн сәулелі энергиясын пайдаланып жаңа үлгідегі басқару құрылғыларын өндіріске енгізудің тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы және көрмеге ұсынған жұмысы жоғары бағаланып, Қызылорда облысы әкімінің Сертификатын иеленді.